Еуроодақ кедендік бақылауды күшейтеді

1332

 Еуроодақ кедендік бақылауды күшейтеді

Еурокомиссия шекара бойындағы кедендік бақылауды күшейтпек. Осы шешім арқылы мәдени құндылықтардың заңсыз тасымалына тосқауыл қоюды көздейді, деп жазады 24.кз.

Ол тізімде археологиялық мүсіндер, ескі суреттер және антиквариат пен қолжазбалар бар. Себебі қазір халықаралық экстремистік ұйымдар үшін бұл – негізгі табыс көзінің бірі. Сарапшылардың айтуынша, мәдени құндылықтардың қара нарықтағы жыл сайынғы айналымы 6 миллиард АҚШ долларына тең. 2015 жылы "Ирак пен Левант ланкестік тобы" қылмыстық жолмен 100 мың археологиялық артефакт саудалаған.
"Естеріңізде болар, Сириядағы Пальмир мен Малидегі Тимбуктуда ежелгі ескерткіштерді тонап, құнды қазынаны жойып жіберген содырлар алған беттерінен қайтпайтынын көрсетті. Біз қалай да кедендік бақылауды күшейтуіміз керек және Еуроодақ аумағына әкелінетін мәдени құндылықтарды барынша тіркеуден өткізген дұрыс. Яғни археологиялық мәдени ескерткіштердің фрагменттері мен ескі қолжазбалардың импортын лицензиялау үшін жаңа жүйе ашылады. Сайып келгенде, кез келген импорттаушы - музей болсын, жеке коллекция жиюшы болсын қандай да бір мәдени құндылықты Еуроодаққа алып келетін болса, алдымен өз елінде заңды түрде лицензия алуы қажет," - дейді Экономика және қаржы жөніндегі еурокомиссар Пьер Московоси.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу