Еуропадан Әзербайжан мен Қазақстан арқылы жүк тасымалдау еселенеді

1500

 Еуропадан Әзербайжан мен Қазақстан арқылы жүк тасымалдау еселенеді

Бакуде 30 қазанда ашылатын Баку-Тбилиси-Карс теміржол дәлізі Транскаспийлік халықаралық бағытты айтарлықтай кеңейтеді. Бұл туралы Қазақстанның Әзербайжандағы елшісі Бейбіт Исабаев мәлімдеді, деп хабарлайды 24.kz.

"Жобаның жүзеге асуына аймақтық мемлекеттер, оның ішінде Қазақстан барын салып жатыр", – деп атап өтті ол.

Қазір Құрық портынан Қазақстанның жүк тиеген пойызы Баку-Тбилиси-Карс жаңа теміржолымен Түркия бағытына жолға шыққан. Одан кейін Румынияға көмір жөнелтіледі. Бұл жобаны жүзеге асыруға отандық машина жасау саласының өнімдері қолданылған. Сондай-ақ таяуда Қазақстаннан Әзербайжанға екі жүк электровозы жеткізіледі. 

Алдын ала болжам бойынша Шығыс-Батыс дәлізі арқылы тауар тасымалдау үш жыл ішінде бес есеге дейін артады. Сонымен қатар Еуропадан Әзербайжан және Қазақстан арқылы Орталық Азия мен Қытайға жүк тасымалдау да еселенеді. Нәтижесінде екі ел Еуропа мен Азия арасындағы транзиттік хабқа айналуы тиіс.

"Қазақстан өзінің және Кавказ бағыты бойынша транзиттік-көліктік әлеуетінің жаңартылуы мен дамуына барын салып жатыр. Біздің ел де Әзербайжан сияқты Азиядан Еуропаға жүк тасымалдау қызметінде маңызды рөл атқаратынын айтып өткім келеді. Транзит-логистика саласының болашағын ескеріп, үлкен іс атқардық. Мәселен, Қытайдан Каспий теңізіне дейін, яғни екі мың шақырымнан аса теміржол салдық", - дейді Қазақстанның Әзербайжандағы елшісі Бейбіт Исабаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу