Иран-Ирак шекарасында соңғы екі сағатта 7 рет жер сілкінді

1422

 Иран-Ирак шекарасында соңғы екі сағатта 7 рет жер сілкінді

Иран мен Ирак шекара аумағында соңғы екі сағатта жеті рет жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды 24kz.

Бұл туралы Еуропалық-жерортатеңіздік сейсмологиялық орталығының мәліметінше, алғашқы жер дүмпуі Ирактың Балад-Руз аумағында болған. Магнитудасы 5,4 балға тең сілкініс Бағдад және оның маңындағы елді мекен тұрғындарының зәре-құтын қашырды. Ирактағы жер сілкінісінен жараланғандар мен қаза тапқандар жоқ дейді сейсмологиялық орталық.

Ирактың мемлекеттік телеарналары Дияла және Весит провинцияларында сезілген сілкінісінен ғимараттарға да зақым келмеген. Ал Иранның Керманшах аймағында да 5,4 балдық жер сілкінісі тіркелді. Ирандағы зілзала ошағы Касре-Ширин провинциясында орналасқан. Алғашқы сілкіністен кейін аймақта сілкіністен кейін тағы бірнеше дүмпулер болған. 

Айта кетейік, Иранда қараша айында дәл осы аймақта 7,2 балдық жер сілкінісінен 620 адам қаза тапқан болатын

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу