Каталония Испаниядан бөліну үшін референдум өткізетін болды

1246

 Каталония Испаниядан бөліну үшін референдум өткізетін болды

Кілт сөздер Каталония Испания референдум Карлес Пучдемон Каталония үкіметінің төрағасы Карлес Пучдемон Испаниядан бөліну үшін референдум өткізу туралы заңға қол қойды, деп хабарлайды 24.kz.

Құжатты автономды аймақтың парламенті қабылдады. Заң жобасын ондағы 135 депутаттың 72-сі қолдап, 11-і қалыс қалды. Алайда дауыс беруге 83 депутат қана қатысқан. Өйткені парламенттегі "Халықтық, "Социалистік" және "Азаматтар" партиясының өкілдері оны талқылаудан бас тартып, залдан шығып кетті. Ал референдумда тұрғындарға "Каталонияның республикалық басқару түріндегі тәуелсіз мемлекет болуын қалайсыз ба?" деген сұрақ қойылмақ.

"Өздеріңіз білетіндей үкімет қазанның 1-інде аймақтың Тәуелсіздігі жөнінде референдум өткізу туралы заңды бекітті. Сонымен бірге қосымша шаралар туралы да қаулы қабылданды. Құжатты Каталония парламентінің қабылдауымен жүзеге асырдық. Сондықтан біз азаматтарды Каталонияның болашағы қандай жолмен даму керектігін анықтауға шақырамыз", - деді Каталония үкіметінің төрағасы Карлес Пучдемон. 

Ал Испания премьер-министрі Мариано Рахой Каталония парламенті бекіткен заңның күшін жою үшін Конституциялық сотқа жүгінбек. Үкімет басшысы мемлекеттік кеңестен осындай қорытынды шығаруды сұрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу