Қазпоштаның қызмет көрсету жылдамдығы 10 есеге артады

1573

 Қазпоштаның қызмет көрсету жылдамдығы 10 есеге артады

 

Бүгінге дейін тәулігіне 10 мың сәлемдеме қабылдайтын болса, енді жаңа құрылғының көмегімен 100 мыңға жуық хат жеткізіледі, деп хабарлайды 24.kz.

Заманауи қызмет әдісімен еліміздің вице-премьері Асқар Жұмағалиев пен Алматы әкімі Бауыржан Байбек танысты.

Құрылғы келген хаттарды сериялық нөмірімен сұрыптап, облыс пен қалалардың қоржынына салып отырады. Жалпы Қазпошта қызметінің жұмысы компьютерлендірілген. Қызметкерлер келген сәлемдемелерді біріңғай ортақ жүйеге тіркеп отырады. Нәтижесінде сәлемдеменің қайда тұрғаны, иесіне қашан жеткізілетінін компьютер арқылы бақылайды.

Жыл басынан бері пошта арқылы елімізге 9 млн сәлемдеме келген.

 Айта кетейік, халықаралық сәлемдемелердің 65 пайызы Алматы арқылы өзге облыстарға жіберіледі.

 "Қазір барлық елдер тауарды жылдам, әрі қауіпсіз жеткізу жолдарына күш салып жатыр. Бәсеке жылдан жылға артуда. Біз қазір пошта қызметі дамыған елдермен бірлесе жұмыс істеп жатырмыз", - дейді "Қазпошта" АҚ атқарушы директоры Сәуле Егембердиева.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу