Кен байыту комбинаты алтын және күміс құрамдас Доре құймасын алмақ

1804

 Кен байыту комбинаты алтын және күміс құрамдас Доре құймасын алмақ

Ақмола облысының Зеренді ауданындағы былтыр ғана іске қосылған кен байыту комбинатының жұмысы бүгінде қарқын алып келеді. Өндіріс ошағының жобалық қуаттылығы жылына 150 мың тонна кен алу болса, қазірдің өзінде бұл межені 80%-ға орындап отыр. Алдағы уақытта кәсіпорын алтын және күміс құрамдас Доре құймасын алуды көздейді, деп хабарлайды 24.kz.
Мұнда қазір 100 адам еңбек етеді. Олардың барлығы дерлік жергілікті тұрғындар. Қазір жұмысшылар айына 200-240 тоннаға дейін құрамында алтын және күмісі бар концентрат өндіріп жатыр. Алдағы уақытта бұл көрсеткіштер еселенбек.
Ал осы жылдың аяғына дейін кәсіпорын өзінің жобалық қуаттылығын еңсереді. Яғни жылына 150 мың тонна кен алатын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу