Қазақстандық мұнай өңдеу зауыттары келесі жылы үздіксіз жұмыс істейтін болады. Механикалық тексеруден автоматтық бақылауға өтеді. Модернизация есебінен өндіріс көлемі мейлінше артады. Қазіргі кезде отандық нарықта жанар-жағармай тапшылығы бар. Бірақ жақын арада импорт есебінен мәселе шешілуі тиіс. Сағаттарға созылған брифинг байламы осы.
Орталық коммуникациялар қызметіне арнайы келген ҚР энергетика министірінің орынбасары Әсет Мағауов тілшілер сауалына жауап беріп, жанармай бекеттеріндегі жағдайларға қатысты пікір білдірді.
Бір нарықта болғаннан кейін баға Ресей бағамына тіке байланысты. Тасымалға жанармай бекеттері ымыраға келді деген айыптан қорғанып аса ынта танытпаған. Тапшылық содан туындап тұр. Қазан айындағы тұтыну қабілеті 288 мың тонна. Біздің зауыттар 160 мың тонна өндіре алады. Келесі айда 236 мың тонна өндіруге мүмкіндік бар. Желтоқсанда 266 мың тоннаға дейін барады. 2019 жылдан бастап мұнай өңдеу зауыттары биржаға шықса, жанар-жағармай бекеттері делдалсыз-ақ өнімді тіке сатып алу мүмкіндігіне ие болар еді. Әзірше бағаны іштен реттеу қисынсыз.
"Біз РФ, Қырғызстанмен бәріміз бір кедендік одақтамыз. Сондықтан біздің ішкі нарықтық баға олардың нарықтық бағасымен көп айырмашылық болмауы керек. Мысалы, біз Ресейден жанармай сатып алсақ, оны біз станцияларда сату керекпіз. Сондықтан РФ-да баға 560 доллар болса, біздің ішкі алыпсатар баға зауыттарда соған жақындады", - деді Әсет Мағауов.