Оңтүстік Корея Қазақстанмен ауруханаларды басқару тәжірибесімен бөліседі

1055

 Оңтүстік Корея Қазақстанмен ауруханаларды басқару тәжірибесімен бөліседі

Оңтүстік Корея Қазақстанмен ауруханаларды басқару тәжірибесімен бөліседі, деп хабарлайды 24.kz.
Бұл мәселе Сеулде өткен екіжақтық келіссөздерде қаралды. Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы және Алматы денсаулық сақтау басқармасының өкілдері Сеул ұлттық университеті госпиталінде болды. Ауруханаларды жоғарғы оқу орындарына басқаруға беру тәжірибесі Қазақстанда "Денсаулық" мемлекеттік бағдарлама аясында енгізілуі мүмкін.

Сеул госпиталінің дәрігерлері елімізде алпыстан астам бауыр мен бүйрек ауыстыру операцияларын жасауда тәжірибелерімен бөліскен болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу