ОПЕК мұнай өндіру көлемін қысқартуды жалғастырады

1349

 ОПЕК мұнай өндіру көлемін қысқартуды жалғастырады

Мұнай экспорттаушы елдер ұйымы мен оған кірмейтін тағы бірнеше мемлекет қара алтынды өндіру көлемін қысқарту туралы келісімді келесі жылдың аяғына дейін ұзартты. Бұл туралы Оманның Мұнай және газ министрі Мұхаммед бен Хамад ар-Румхи мәлімдеді, деп хабарлайды 24.kz.

Құжатқа сәйкес ОПЕК елдері мұнай өндіру көлемін 2016 жылдың қазан айындағы деңгейде қалдыратын болды. Ал қаңтар айынан бастап оған Ливия мен Нигерия қосылады.

Айта кетейік, мұнайды экспорттаушы елдер ұйымы қара алтынды өңдеу көлемін қысқарту туралы келісімшартқа өткен жылы желтоқсан айында қол қойған. Мақсат – әлемдік нарықта бағасы күрт төмендеген мұнай бағасын қалпына келтіру.

"Біз келесі жылдың маусым айында қайта бас қосып, келісімшарттың орындалуын талқылаймыз. Сондай-ақ қалған 6 айда қалай әрекет ететінімізді тағы бір пысықтаймыз",- дейді Сауд Арабиясының энергетика министрі Халид әл-Фалих.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу