Жетісудың қарасорасы шетелде жоғары сұранысқа ие

1547

 Жетісудың қарасорасы шетелде жоғары сұранысқа ие

Алматы облысының экспорттық әлеуеті артты. Бұл әсіресе агросалада анық байқалады. Мәселен, қазір Кербұлақ ауданында техникалық қарасора өсіріліп жатыр. Мамандар: "шөп құрамында есірткі жоқ", – дейді. Оның талшығы тоқыма, автокөлік және компьютерлік өндірісте кеңінен пайдаланылады. Сондықтан шикізат тек шет мемлекеттерге сатылмақ, деп хабарлайды 24.kz.

Тәжірибелік мақсатта қарасора тұқымы республика бойынша 5 облыстың аумағына себіліпті. Бірақ Алматы облысында бітік шыққаны көрініп тұр. Бұл – топырағы құнарлы Кербұлақ ауданы. Мұнда 600 гектарға қарасора егілген. Жалпы оның талшығына шетелде, әсіресе автокөлік өндіретін мемлекеттерде сұраныс жақсы.
Еліміз бойынша соя мен жүгері алқаптарының 95%-ы Алматы облысына тиесілі. Аймақта шығатын техникалық бағыттағы өнімдердің жартысы Азия мен Еуропаға экспортталады. Енді өңірде қарқынды бау-бақша ісімен айналысу жүріп жатыр. Қазір мұнда инновациялық технология негізінде 5 мың гектарға бау-бақша отырғызылған.  
Облыс бойынша дәрі-дәрмек те экспортталатын тауарлар қатарында. Сонымен қоса ет өндірісі де артқан. Аймақта соңғы бірнеше жылда 5 мың басқа арналған 6 бордақылау кешені құрылған. Қазір өңірде ірі және ұсақ малдың етін өңдейтін екі зауыттың құрылысы жүріп жатыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу