Қазақстан футбол құрамасы өз тарихындағы ең үлкен жеңіліске ұшырады

2109

Қазақстанның ӘЧ-2022 іріктеу кезеңіндегі жарыс жолы аяқталды.

Қазақстан футбол құрамасы өз тарихындағы ең үлкен жеңіліске ұшырады

Футболдан Қазақстан құрамасы 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңін антирекордпен аяқтады, деп хабарлайды Prosports.kz

Іріктеу кезеңнің 8-турында қазақстандықтар әлем чемпионы Францияға қонаққа барған. Бұл ойында Талғат Байсуфинов жас футболшыларға иек артты. Ал француздар алаңға негізгі құрамын шығарды. 

Нәтижесінде алаң иелері үзіліске дейін жауапсыз үш гол тоғытып тастады. Үш голды да Килиан Мбаппе соқты. Ол алдымен 6, кейін 12-минутта көзге түсті, ал 32-минутта хет-трик авторы атанды. 

Екінші таймда да Франция футболшылары қарқынын азайтқан жоқ. 55 және 59-минуттарда Карим Бензема есепті ұлғайтты. 

Кездесудің 75-минутта Адриен Рабьо командасының алтыншы голын салды. 84-минутта Антуан Гризманн пенальтиден гол салып, есепті 7:0 қылды. 

Бірақ матч мұнымен біткен жоқ. 87-минутта Мбаппе матч нүктесін қойды – 8:0. 

Қазақстан өз тарихында ресми матчтарда мұндай ірі есеппен жеңіліп көрмеген. Сондықтан 0:8 Қазақстан тарихындағы ең ірі жеңіліс ретінде тіркеліп отыр. 

Осылайша, Қазақстанның ӘЧ-2022 іріктеу кезеңіндегі жарыс жолы аяқталды. Команда сегіз матчтың үшеуінде тең түсіп, қалған бесеуінде жеңіліп қалды. Байсуфинов шәкірттері D тобында соңғы орын алды. Ал Франция құрамасы топта көш бастап, Катардағы әлем чемпионатына шықты. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу