Осыдан 10 жыл бұрын елімізде "әдемі" нөмірлерді сатылымға шығару үрдісі басталды. Содан бері кез келген көлік жүргізушісі қалаған нөмірін белгілі бір сомаға сатып ала алады, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.
Белгілі болғандай, жыл басынан бері павлодарлықтар темір тұлпарларына VIP-нөмір алу үшін 223 млн теңгеден астам қаржысын шығарған. "Азаматтарға арналған үкімет" КЕАҚ Павлодар облыстық филиалының басшысы Асылбек Сапарбекұлының айтуынша, өңір тұрғындары арасында 001, 007 нөмірлері жоғары сұранысқа ие. Ең қымбаты да солар.
Айта кетейік, бірдей әріптен тұратын сериясы бар 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777 нөмірлері 285 айлық есептік көрсеткіш көлемінде тұрады. Биыл олардың бағасы – 1 млн 52 мың 220 мың теңге. 010, 020, 030, 040, 050, 060, 070, 077, 080, 090, 707 нөмірлері 57 АЕК, яғни 210 мың 444 теңге болады. VIP-нөмірлер сатылымынан түскен қаражаттың барлығы республикалық бюджетке қосылады.
Көлік құралы сатылған жағдайда клиент өз нөмірінің сақталуын мамандандырылған ХҚКО-да өз атына қалдыруға құқылы. Қызмет бағасы – 10 000 теңге. Оны жарты жылға сақтай алады. Бұл аралықта қайтарып алмаса, нөмір жарамсыз болады. Ал "әдемі" нөмірлерді сақтаудың нақты шектелген мерзімі жоқ.