086 анықтамасы сәуірден бастап қана талап етілмейді

2032

Әр азамат жылына бір рет медициналық тексеруден өтуге міндетті.

086 анықтамасы сәуірден бастап қана талап етілмейді

086 анықтамасының жыры әлі біте қоймайтын сияқты. Мемлекет азаматтарды ондай анықтама алудан босатқанымен, жыл сайын медициналық тексеруден өтуге міндеттеп отыр. Мемлекеттік органдар енді 086 анықтамасын сұраудың орнына азаматтың соңғы рет қашан медициналық тексеруден өткенін тексеретін болады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Олжас Әбішев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында айтты.

"2019 жылы Цифрлық даму министрлігімен және өзге де органдармен бірге 086 анықтамасын беру қызметін автоматтандыру тәртібін мақұлдап, оның қағаз нұсқасын алып тастауды бекіткен болатынбыз.  Алдымыздағы сәуір-мамыр айларында оны толығымен электронды түрге айналдырамыз. Сондай-ақ, әр азамат жылына бір рет профилактикалық тексеруден өтуі қажет. Ол жылына бір рет тегін болады. Ол тексерудің жазбалары біздің жүйеде сақталады. Кез келген мемлекеттік орган сұрау салса, азаматтың рұқсатымен ғана соңғы рет қашан медициналық тексеруден өткені туралы ақпаратты автоматты түрде беріледі. Осылайша сізге емханаға барып, қағаз жүзінде анықтама алудың қажет болмайды", – деді вице-министр. 

Есімжан Нақтыбайұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу