Қарағанды облысында туристерге қызмет көрсету көлемі 10,6 пайызға артты

1798

Қарағанды облысында  туристерге қызмет көрсету көлемі 10,6 пайызға артты

Қарағанды облысында 2017 жылғы қаңтар-маусымда жайлылығы әртүрлі санаттағы 226 қонақ үй, мотельдер, жазғы демалыс аймақтары мен лагерьлер, пансионаттар, демалыс үйлері мен басқа объектілер қызмет көрсетті, деп хабарлайды ҚР ҰЭМ статистика комитеті.

2016 жылғы тиісті кезеңімен салыстырғанда орналастыру объектілерінің саны 3,2%-ға өсті. Орналастыру орындары көрсеткен қызметтер көлемі 2016 жылғы қаңтар-маусыммен салыстырғанда 10,6%-ға артты және 1870,3 млн теңге сомасын құралды.

Орналастырылған келушілер саны 124,9 мың адамды құрады. Келушілердің жалпы санынан 93%-ды республиканың тұрғындары, 7% - шетел азаматтары құрады.

2016 жылғы І жартыжылдық (Балқаш көлінің жағалауында және Қарақаралы ауданында) орналасқан облыстық курорттық аймақтардағы орналастыру орындарының саны 66 бірлікті құрады. Олар 31,4 мың адамға қызмет көрсетті.

Курорттық аймақтарда көрсетілген қызметтер көлемі өткен жылмен салыстырғанда 14,4%-ға артты және 376,8 млн теңгені құрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу