1,1 мың шақырымнан аса жол жөнделеді

410

620 шақырымдай жол учаскесінде күрделі жөндеу жүргізіледі.

1,1 мың шақырымнан аса жол жөнделеді Фото: inbusiness.kz

Жыл соңына дейін мың шақырымнан астам республикалық маңызы бар автокөлік жолдарын нормативтік жағдайға келтіру көзделген. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті хабарлады.

"Басым бағыттағы және айтарлықтай қаражатты қажет ететін жобалардың бірі – Батыс Қазақстан облысындаңы "Қазталов - Жәнібек - РФ шекарасы" және "Өнеге - Бисен – Сайқын" жол учаскелерінің құрылысы саналады. Жалпы ұзындығы 245 шақырымға жететін бұл жолдар Қазталов, Жәнібек және Бөкей ордасы аудандарын облыс орталығымен байланыстыратынын айта кетейік. Бұл ретте аталған жол құрылысы Мемлекет басшысының жіті бақылауында екенін ескерте кеткен орынды. Қазір бұл нысандарда барлық құрылымдық қабат бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ осы учаскелерде инертті материалдарды дайындау жұмыстары қарқын алған. Жыл соңына дейін күрделі жөндеудің барлық ұзындығы бойынша жол жабынының төменгі қабатымен көлік қозғалысын қамтамасыз ету жоспарланып отыр",- деп хабарлады ИИДМ баспасөз қызметі. 

Бұдан бөлек Маңғыстау облысында ұзындығы 64 шақырым болатын "Құрық – Жетібай" жол учаскесінде де құрылыс жұмыстары жалғасып келеді. Жөндеу жұмыстары екі учаскеде жүзеге асырылып жатыр. Ұзындығы 24 шақырымға жететін (40-64 шқ) бірінші учаске жылдың соңына дейін аяқталады деп межеленіп отыр. Екінші учаске бойынша (0-40 шқ) тиісті жұмыстар 2024 жылы аяқталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу