2020 жылы негізгі капиталға 1 трлн 100 млрд теңге инвестиция тартылды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.
"Өткен жылы негізгі капиталға 1 трлн 100 млрд теңге инвестиция тарттық. Биыл бұл деңгейді ұстап тұруымыз керек. Әрине, қазір мұны істеу қиын. Коронавирус пандемиясына 2 жыл болды. Байланыс бұрынғыдай емес. Мен шетелмен байланысты айтып тұрмын", - деді елорда әкімі ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.
Алтай Көлгінов бұл жағдайға қарамастан инвестиция тарту жұмысы жүргізіліп жатқанын атап өтті.
"Мысалы, "Қарапайым заттар экономикасы", "Бизнестің жол картасы" сынды мемлекеттік бағдарламалар бар. Олар да инвестиция тартуға көмектеседі", - деді қала басшысы.
Дәурен Ерболат