Қуаныш Ерғалиевтің сөзінше, оқу жылы 3-4 курс студенттері үшін 1 қыркүйекте, 1-2 курс және магистранттар үшін университеттің академиялық күнтізбесіне сәйкес қыркүйек айының соңына дейін басталады.
"Жоғары оқу орнының аумағы, оқу ғимараттары, кітапхана мен жатақханаларда міндетті түрде Ashyq қосымшасы пайдаланылады. Оқу ғимараттарына "Жасыл" немесе "Көк" мәртебесі бар білім алушылар кіре алады, ал оқытушылар мен қызметкерлер үшін "Жасыл" мәртебе міндетті болады", – деді вице-министр.
Қанат Махамбет
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу