1,2 млн қазақстандық салық рақымшылығы мүмкіндігін қайта пайдалана алады

657

2020 жылдың 6 сәуірінде Мемлекет басшысы Үкіметке 2020 жылы мүлік, жер және көлік құралдары салығы бойынша жеке тұлғаларға салықтық рақымшылық жасауды қайта жүргізуді тапсырған болатын.    

1,2 млн қазақстандық салық рақымшылығы мүмкіндігін қайта пайдалана алады

2019 жылы жасалған салықтық рақымшылықтың арқасында 1,24 млн адамның 60,9%-ы қарызын өтеген, деп хабарлайды Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі.

2019 жылғы өсімпұлды есептен шығару акциясы кезінде 1,24 млн жеке тұлғаның 20,1 млрд негізгі және 6,5 млрд теңге өсімпұл берешегі болған. Олардың ішінде 755,7 мың жеке тұлға бүгінде салық рақымшылығын пайдаланып, қарызын жапты. Борышкерлер 15,9 млрд теңге мөлшеріндегі негізгі қарызды өтегені үшін олардан 3,1 млрд теңге өсімпұл алынып тасталды.

"Дегенмен әлі күнге дейін жалпы борышкерлердің 30,1% салық қарызын төлемеген. Олардың негізгі берешегі - 6,2 млрд теңге, өсімпұл сомасы - 3,4 млрд теңгені құрап отыр. 2020 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 1 350 азаматтың негізгі қарыз сомасы 1 млн теңгеден асса, жеке тұлғалардың жиынтық қарызы 6,8 млрд теңгені құрап отыр. Оның ішінде негізгі қарыз - 4,2 млрд теңге, өсімпұл - 2,6 млрд теңге", делінген аталмыш комитеттің баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу