1-2 жылдан кейін вакцинациялау қайта жүргізілуі мүмкін

968

Бұл шара адам иммунитеті мен ағзасындағы антиденелер деңгейіне байланысты қабылданады. 

1-2 жылдан кейін вакцинациялау қайта жүргізілуі мүмкін

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында UMС клиникалық иммунология, аллергология және пульмонология бағдарламасының жетекшісі Елена Ковзель осылай деп мәлімдеді. 

"Маған жиі қойылатын сұрақтардың бірі – 1-2  жылдан кейін қайта вакцинация бола ма? Бұл өте қиын сауал. Көптеген вирустарға ревакциянация жүргізілетінін жақсы білесіздер. Мәселен, қызылша ауруына қайта вакцинация жасалады. Мұның барлығы вирус құрылымына байланысты. Соған сәйкес 1 немесе 2 жылдан кейін қайта вакцинация жүргізілуі мүмкін. Бірақ бұл халықтың ағзасындағы антиденелер мен жасушаларындағы иммунитетке байланысты қабылданатын шешім", – деді маман. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу