1 200 ауылға 4G жолағы жеткізілмеген

928

Туристік орындарға ұялы байланыс желісін жеткізу үшін қазынадан қаржы қарастыру қажет.  

1 200 ауылға 4G жолағы жеткізілмеген

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин халық алдындағы есеп беру кездесуінде осылай деп айтты.  

Министр ұлттық парктер мен туристік соқпақтарға ұялы байланыс тарату үшін базалық станция орнатылуға тиіс екенін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Базалық станса болу үшін антеналы-мачталық құрылғы салу керек. 
Оны орнату оңай, алайда оған электр жеткізу қиын. Біз осы жұмыстың 
шығынын бағалап, мәдениет министрлігіне жолдаймыз. Мәдениет министрлігі тиісті қаражат көзін іздейді", – деді Бағдат Мусин. 

Министрдің мәлімдеуінше, 1 200 ауылға 4G жолағы тартылмаған. 

"Туристік әлеуетті дамытып, тым болмағанда SOS сигнал жіберетіндей мүмкіндік туғызу және ұялы телефон байланысын жеткізу үшін мемлекет бюджеттен қаражат бөлуі керек. Бұл мәселені тиісті министрлікпен бірлесіп  пысықтаймыз", – деді Бағдат Мусин.

Қанат Махамбет
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу