1 227 нысан эксплуатациялаушылардың теңгеріміне өтпей тұр

614

Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарын табиғи газға қосу үшін осыдан 8 жыл бұрын салынған "Бейнеу-Бозой-Ақбұлақ" магистралды газ құбырын "ҚазТрансГазАймақ" АҚ эксплуатацияға алмай отыр.  

1 227 нысан эксплуатациялаушылардың теңгеріміне өтпей тұр

Мәжіліс депутаты Құдайберген Ержан бұған тараптардың түсініспеушілігі себеп болып отырғанын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Тапсырыс беруші мен эксплуатациялаушы арасындағы әрекеттің

тұжырымдамалық шешіміің болмауы жағдайды қиындатып тұр. Салдарынан тапсырыс беруші қабылдаған нысандар пайдалануға берілмейді, газ құбырына жұмсалған мемлекет қаражаты ондаған жылдар бойы айналымсыз тұрады", – деді депутат.

Құдайберген Ержанның сөзінше, елімізде эксплуатациялаушы мекемелердің теңгеріміне берілмеген 1 227 нысан бар. Оның 143-і құжаттарының толық жинақталмауы және құрылыс барысында жіберілген техникалық бұзушылықтың салдарынан қабылданбай тұр.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу