1 266 жалған медициналық құжат тәркіленді

1331

Ішкі істер министрлігі тергеу департаментінің әскери-тергеу басқармасы медициналық құжаттарды қолдан жасаумен және сатумен айналысқан Түркістан облысындағы медбикенің заңсыз әрекетін әшкереледі. Бұл туралы министрлік өкілі Шұғыла Берікқызы мәлімдеді, деп хабарлайды inbusinnes.kz.

1 266 жалған медициналық құжат тәркіленді

"Сарыағаш аудандық ауруханасының медбикесі COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуына жол бермеуге байланысты санитариялық-эпидемиологиялық режимді күшейту жөніндегі шараларды бұза отырып, Қазақстан мен Өзбекстанның мемлекеттік шекарасын кесіп өтуге негіз болып табылатын медициналық құжаттарды қолдан жасап, сатқан", – деді Шұғыла Берікқызы.

Оның айтуынша, жалған медициналық құжаттар үшін  3-8 мың теңге аралығында ақы алынған. 

"Күдіктінің тұрғылықты жері мен жұмыс орнын тінту барысында сатуға дайындалған алдын ала қойылған мөрлері бар 1 266 медициналық бланк алынды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 385-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде", – деді ішкі істер министрлігінің өкілі.

Қанат Махамбет
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу