1 283 жаңа балық шаруашылығы құрылады

1278

Балық шаруашылығы саласын дамыту мәселесі үкімет деңгейінде бірнеше рет қаралды. Нәтижесінде саланы дамытудың 2030 жылға дейінгі бағдарламасы бекітілді. Бұл туралы экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі балық шаруашылығы комитетінің төрағасы Нариман Жүнісов мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

1 283 жаңа балық шаруашылығы құрылады

"Қолдан өсіріліп жатқан қазіргі 9 мың тонна балық санын 2030 жылға дейін 
270 мың тоннаға жеткізу жоспарланып отыр. Балық өсіру көлемі табиғи су айдындарын қолдану, жұмыс істеп тұрған балық шаруашылықтарына қолдау көрсету және балық шаруашылығын дамытуға арналған жаңа индустриялық жобаларды жүзеге асыру арқылы көбейтіледі. 2030 жылға дейін шамамен 
1 283 жаңа балық шаруашылығы құрылады", – деді комитет төрағасы.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу