1-3 қазан аралығында Қазақстан-Қытай шекарасындағы өткізу пункттері жұмыс істемейді

Сонымен қатар 29 қыркүйекте де бекет жұмысы шектеледі.   

1-3 қазан аралығында Қазақстан-Қытай шекарасындағы өткізу пункттері жұмыс істемейді Фото: eldala.kz

Қытай Халық Республикасындағы мереке күндеріне байланысты 2023 жылғы 29 қыркүйекте және 1-3 қазан аралығында шекарасындағы автомобиль өткізу пунктерінде жеке тұлғалардың, көлік құралдары мен жүктерді өткізу жүзеге асырылмайды.

"Бірақ Қазақстан-Қытай шекарасындағы теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмысын жалғастырады.

Тасымалдаушыларды және шекараны кесіп өтуге ниет білдірушілерді демалыс күндерін ескере отырып, өз бағыттарын алдын-ала жоспарлауды сұраймыз", – деп хабарлайды ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің Баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу