1,3 миллиард теңгені жымқырған шенеунік пен екі кәсіпкерге сот үкімі шықты

531

Үкім заңды күшіне енген жоқ.  

1,3 миллиард теңгені жымқырған шенеунік пен екі кәсіпкерге сот үкімі шықты Фото: dknews.kz

Ақмола облысы Қызылсуат ауылында электрмен жабдықтау қосалқы станциясын салу кезінде 1,3 млрд теңге сомасындағы бюджет қаражатын ұрлау фактісі бойынша үкім шықты.

Істі Қаржылық мониторинг агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті өңірлік прокуратурамен бірлесіп тергеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі таратқан ақпаратқа сүйенсек, Целиноград ауданының ТКШ бөлімінің басшысына және "РемСтройСервис ПВ" мен "MS-Energy" ЖШС басшыларына қатысты айыптау үкімі шықты.

"Қылмыстық істің барлық қатысушыларына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды", - деп хабарлады ҚР ҚМА баспасөз қызметі.

Сондай-ақ ведомство сотталған кәсіпкерлер мен ЖШС қызметкері коммерциялық және өзге де ұйымдарда 10 жыл мерзімге материалдық-жауапты лауазымдарды атқара алмайтынын, ал ТКШ басшысы өмір бойы мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқара алмайтынын атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу