1 395 ауылдың ауыз су мәселесін 2025 жылдың соңына дейін шешу жоспарланып отыр – министр

Қалған ауылдардың 69%-ы, яғни 963-і халқы аз елді мекендерге жатады. 

1 395 ауылдың ауыз су мәселесін 2025 жылдың соңына дейін шешу жоспарланып отыр – министр Фото: google

Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев ауылдарды сумен жабдықтау мәселесіне қатысты баяндама жасады, деп жазады inbusiness.kz.

"Бүгінгі таңда 6 295 ауылдың 4 900-і ауыз сумен қамтамасыз етілген.

1 395 ауылдың ауыз су мәселесін 2025 жылдың соңына дейін шешу жоспарланып отыр. Қалған ауылдардың 69%-ы, яғни 963-і халқы аз елді мекендерге жатады. Оларға бюджет қаражатын тиімді пайдалану мақсатында жергілікті бюджет қаражаты есебінен кешенді блок модульдер орнатылатын болады (2023 ж.-98,2024 ж. - 277, 2025 ж. - 588). Біздің министрлік арқылы 391 ауылда (оның ішінде биыл 120 ауылды іске қосу) орталықтандырылған сумен жабдықтау құрылысы қамтамасыз етіледі және 41 ауылда (СҚО-35, Ақмола, Қызылорда-3) кентішілік желілер Экология және табиғи ресурстар министрлігі арқылы топтық су құбырларын салу жөніндегі жобаларды іске асыру шеңберінде салынатын болады", – деді министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу