1,4 млн-нан астам қазақстандық 42 500 теңге алды – министрлік

861

Жалақы төлей алмаған жұмыс берушілерден 118,6 мың өтініш түскен.

1,4 млн-нан астам қазақстандық 42 500 теңге алды – министрлік

"23 шілде сағат 9.00-дегі жағдай бойынша биылғы жылдың шілде айында шектеу шараларын енгізуге байланысты табысынан айырылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан ең төменгі жалақы – 42 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлем тағайындауға азаматтардан 1 млн 912 мың бірегей өтініш қабылданды. Төлем 1 млн 536 мың адамға тағайындалды. Ақшалай қаражат 1 млн 432 мың қазақстандыққа аударылды",– деп хабарлады Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.

Айта кетсек, МӘСҚ-тан төлем алуға өтінімдер бірнеше арналар арқылы қабылданады. Министрліктің мәліметіне сүйенсек, 1 миллион 912 мың өтінімнің ішінде 797,7 мың адам проактивті форматта төлем тағайындауға келісім берген. Ал 467,4 мың адам Egov.kz порталы және telegram-боттар арқылы, 192,9 мың адам  42500.enbek.kz порталы арқылы, 453,9 мың адам екінші деңгейдегі банктердің мобильдік қосымшалары мен интернет-ресурстары арқылы өтініш берген.

118,6 мың өтінішті жалдамалы қызметкерлері үшін жұмыс берушілер беріпті. 797,7 мың өтініш бірыңғай жиынтық төлем төлеушілерден (проактивті форматта), 995,7 мың өтініш азаматтардың басқа санаттарынан келіп түскен (жеке кәсіпкерлер; жеке практикамен айналысатын адамдар; азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғалар).

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу