1,4 млрд теңге қаржы жұмсалды

507

Нұр-Сұлтан қаласының жер комиссиясы 31 отырыс өткізіп, жеке және заңды тұлғалардың 1 787 өтінішін қарады. Нәтижесінде 1 173 өтінішке қатысты шешім шықты. 

1,4 млрд теңге қаржы жұмсалды

Әкімдік қабылдаған қаулыға сәйкес, сату, сатып алу, жалға беру, меншік иесі құқығын сатып алу рәсімдеріне қатысты 2 404 келісім жасалды. Бұл туралы ANTIKOR ORTALYǴY алаңында Нұр-Сұлтан қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы Нұрлан Ұранхаев айтты. 
Оның сөзінше, жоғарыдағы рәсімдерді жүзеге асыруға 1,4 млрд теңге қаржы  жұмсалды.

"Соңғы 10 айда басқармада 89 061 құжат айналды. Жеке тұлғалардан – 3 210,
заңды тұлғалардан – 3 824 өтініш түсті. Бұған қоса 13 949 корреспонденция қабылдадық. iKOMEK порталы арқылы 868, әлеуметтік желі арқылы 621 адам хабарласты. Есептік кезеңде басқарманың қоғамдық қабылдауына 318 тұрғын келді. Жалпы алғанда күні бүгінге дейін азаматтарға 66 589 мемлекеттік қызмет көрсетілді", – деді Нұрлан Ұранхаев.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу