1,4 мың тоннадан астам өнім елге кіргізілмеді

840

19-28 қараша аралығында Ресейден, Өзбекстан, Қырғызстаннан, ҚХР-дан, Түркиядан және Ираннан әкелінген 1,4 мың тоннадан астам өнім Қазақстан шекарасынан бері өткізілмеген. АШМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұған өнімдердің талапқа сай болмауы себеп болыпты, деп жазады inbusiness.kz

1,4 мың тоннадан астам өнім елге кіргізілмеді

"ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті Қазақстан Республикасының аумағына фитосанитариялық тәуекелі жоғары карантинге жатқызылған өнімді заңсыз әкелудің 80 фактісінің жолын кесті. 66 жағдайда Ресей Федерациясынан жалпы көлемі 1 мың тоннадан астам картоп, қияр, қызылша, бидай, арпа, кебек, кептірілген жемістер, апельсин, алма және банан, Қырғызстаннан 19 тонна картоп және фундук және 30 м/куб ағаш материалдары, Өзбекстаннан 0,1 тонна лимон, анар, алма және құрма және Ираннан 50 тонна картоп импорты кезінде фитосанитариялық сертификаттардың жоқтығы анықталды. 1 жағдайда Ираннан 3 653 дана сәндік өсімдіктерді әкелу кезінде фитосанитариялық сертификатта қосымша декларацияның болмауы түрінде фитосанитариялық талаптарға сәйкессіздік анықталды. 13 жағдайда Ресей Федерациясынан жалпы салмағы 245 тонна бидай, көкөніс және жеміс-жидек, Түркиядан 18,9 тонна кептірілген інжір және ҚХР-дан 19,8 тонна мандарин импорты кезінде карантинге жатқызылған өнім қайталама тексеруге ұсынылмаған",- дейді ведомстводан.

Өсімдіктер карантині саласындағы заңнаманың бұзылуына жол берген кінәлі тұлғаларға ҚР ӘҚБтК-нің 400-бабы бойынша 4,2 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынған.

Ал жыл басынан бері 401,6 млн теңгеден астам сомаға әкімшілік айыппұл салыныпты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу