Мұндай жағымсыз жаңалықты қаланың бас синоптигі Александр Колесов хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Бұл – 160 жыл аралығында алғаш рет жазда болғалы тұрған су тасқыны.
– 4 шілдеде біз қала үшін тарихи сәтті бастан кешіреміз. Циклонның өтуіне байланысты жазғы кезеңге тән емес, өте күшті батыс желінің күшеюі күтіледі, мен қазір дауылды жел туралы айтпаймын. Циклонның мұндай траекториясына байланысты Санкт-Петербургте су тасқыны тіркеледі, – деп жазды ол телеграм арнасына.
Сондай-ақ, бас синоптик 1865 жылдың 12 шілдесінде қала тарихында осындай жағдай болғанын еске салды.
– Одан кейін 160 жыл бойы қалада су тасқынына жағдай жасалмаған. Ал енді ұзақ уақыттан кейін алғаш үлкен су тасқынының ықтималдығы пайда болды, – деді А.Колесов.
Осыған дейін inbusiness.kz тілшісі Жапонияны өте жойқын жер сілкінісі күтіп тұрғанын жазған еді.