1,5 млн-ға жуық қазақстандық 42 мың 500 теңге мөлшерінде көмек алады

4972

Көпбалалы аналарға азық-түлік беріледі. 

1,5 млн-ға жуық қазақстандық 42 мың 500 теңге мөлшерінде көмек алады

Президент елдегі төтенше жағдай кезінде табыссыз қалғандарға айсайын 42 500 теңге төлеуді тапсырды, деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан.  

"Тек бір Алматы қаласында карантин кезінде кәсіпорындардағы жұмысшылар саны 266 мың адамға азайды. Тап осындай жағдай жеке кәсіпкерлерде де байқалады, олардың 80% -ы өз жұмысын тоқтатты. Осылайша, алдын-ала есептеулер бойынша қазіргі жағдай 500 мыңға жуық азаматтың қаржылық жағдайына кері әсерін тигізді ", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев дүйсенбіде Нұр-Сұлтандағы мемлекеттік төтенше комиссияның отырысында.

"Сондықтан, төтенше жағдай кезінде осы жағдай салдарынан кірісін жоғалтқан адамдарға айсайын ең төмен айлық жалақы мөлшерінде (42 500 теңге) төлем жасауды тапсырамын", – деді Президент.

Сонымен қатар Президент жалпы, кем дегенде 1,5 миллион қазақстандық бұл көмекке сене алатынын атап кетті.

ДДҰ пандемия деп жариялаған Covid-19 коронавирусының таралу қаупіне байланысты ел Президенті Қазақстанда 16 наурыздан 15 сәуірге дейін төтенше жағдай жариялаған. 19 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында карантин жарияланды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу