1,5 млн қазақстандық коронавирусқа қарсы екпе алды – министр

1073

Еліміздегі халықтың 15%-ы екпе алған.

1,5 млн қазақстандық коронавирусқа қарсы екпе алды – министр

Бүгінде 1,5 млн адамға COVID-19-ға қарсы вакцина салынды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Оның айтуынша, Қазақстанда коронавирусқа қарсы 3 вакцина қолжетімді: Sputnik V, QazVac, Hayat-Vax.

"1,5 млн адамға вакцина салынды немесе ол екпе алуы керек халықтың 15%-ы. Вакцина жеткізу жоспар бойынша жүргізіліп жатыр: сәуірдің соңына дейін 2,3 млн доза вацина жеткізілді", - деді министр Үкімет отырысында.

Алексей Цой екпе салу қарқынды жүріп жатқанын атап өтті.

"Асқар Ұзақбайұлы (ҚР Премьер-министрі – автор), вакцинациялау қарқынды жүргізіліп жатыр. 1 сәуірмен салыстырғанда коронавирусқа қарсы екпенің бірінші және екінші дозасын алғандар саны тәулігіне 12 есе артты немесе 11 мыңнан 135 мың адамға дейін өсті. Бұл жұмысқа 11 мың медициналық қызметкер жұмылдырылды. Бүгінде 1 мыңнан аса екпе салу стационар пункті, вакцина салудың көшпелі 400 пункті жұмыс істеп жатыр", - деді ведосмство басшысы.

Сондай-ақ ол ауылдағы халыққа вакцина салу керегін жеткізді.

"Өңірдегі әкімдіктер ауылдағы халыққа екпе салу жұмысына назар аударуы қажет. Бұл жұмысқа көшпелі медициналық кешендерді пайдалану керек", -деп түйіндеді сөзін Алексей Цой.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу