1,5 млн қазақстандық тұтынушылық несие ала алмауы мүмкін

1132

Келер жылдан бастап Ұлттық банк несие алушыларға қойылатын талапты күшейтпек.

1,5 млн қазақстандық тұтынушылық несие ала алмауы мүмкін

1,5 миллион қазақстандық енді тұтынушылық несие ала алмауы мүмкін, деп хабарлайды Atameken Business.

Келер жылдың 1 қаңтарынан бастап Ұлттық банк несие алушыларға қойылатын талаптарды күшейтпек. Бұл тізімнің көшін бастайтындар жалақысы өте төмен немесе мүлдем табысы жоқ азаматтар.

Жалпы есеп ең төменгі күнкөріс деңгейі бойынша жүргізіледі. Мәселен 1 отбасыда 4 адам болып, ондағы 1 адамның жалақысы 100 мың теңгені құраса, бұл отбасыға ай сайын 38 мың теңгеден төленетіндей ғана несие беріледі.

Қазіргі таңда елімізде 9 миллион 200 мың адам еңбекке жарамды болса, соның 250 мыңнан астамы ең төменгі күнкөріс дейгейінен төмен жалақы алып отыр. Ал еліміздегі төменгі күнкөріс деңгейі шамамен 31 мың теңгені құрайды. Бірақ сарапшылар бұл тұста азаматтардың өзге микроқаржылық ұйымдарға немесе өзге мамандардың көмегіне жүгініп, елде көлеңкелі сауда саттық жүруі мүмкін дейді.

Айта кетейік 1 қыркүйек бойынша елімізде 5 триллион 800 миллиард теңге несие берілген. Соның 4 триллионы – тұтынушылық несие. Ал 90 күннен асып, әлі қайтарылмаған қарыз көлемі 234 миллиард теңгеге тең.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу