1,5 млн қазақстандыққа әлеуметтік төлем беріледі

1309

Қаржы мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан бөлінеді.

1,5 млн қазақстандыққа әлеуметтік төлем беріледі

Төтенше жағдай кезінде жұмыссыз қалған немесе жалақы сақталмайтын демалысқа жіберілген 1,5 млн қазақстандыққа әлеуметтік төлем беріледі. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев хабарлады. 

"Бүгін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығы шығады. Одна төтенше жағдай кезінде әлеуметтік төлемдердің берілу ережелері жазылады. Ол мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан бөлінеді. Бұл төлемдер 1,5 млн адамды қамтиды", – деді Дәурен Абаев. 

Министрдің айтуынша үкімет төлемдердің екі түрін әзірлеуде. Біріншісі жалақы сақталмайтын демалысқа шыққандарға берілетін 42 мың 500 теңге. 

"Оны алу үшін микро, шағын және орта бизнесте жұмыс істеу керек. Соңғы жылы мемлекеттік қорға үш рет аударым жасауы тиіс. Аудандық және қалалық жұмыспен қамту орталығына өтінішті қызметкердің өзі емес, жұмыс беруші жазады. Ол төтенше жағдай режимі аяқталғанша төленеді", – деді министр. 

Ал екіншісі жұмыссыз қалған қазақстандықтарға арналған төлем. 

"Олар жұмыссыз қалғанына байланысты бір айдан алты айға дейін төлемдер алады. Оның көлемі кірісінің 40%-ына тең. Ол үшін Еңбекпен қамту орталығында жұмыссыз ретінде тіркелу керек. Мұны онлайн жасауға болады", – деді Дәурен Абаев. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу