1,5 млн теңге жалақыны қанша қазақстандық алатыны белгілі болды

1190

Республика бойынша жалақының медианалық мәні 251 256 теңгені құрап отыр. 

1,5 млн теңге жалақыны қанша қазақстандық алатыны белгілі болды Фото: Inbusiness.kz

Ұлттық статистика бюросы 2023 жылғы сәуірде қызметкерлердің санын есептелген жалақы мөлшеріне бөлу бойынша жыл сайынғы зерттеу жүргізді.

Зерттеу қорытындысы бойынша кәсіпорындар мен ұйымдардың көрсетілген тобы бойынша 2023 жылғы сәуірде толық жұмыс істеген қызметкерлер саны 3 437,3 мың адамды құрады. Зерттеуге барлық ірі кәсіпорын және кейіннен бас жиынтыққа таратыла отырып, орта және шағын  кәсіпорындардың ішінара 30% іріктеліп қатысты. Зерттеуде барлық қосымша ақыны, үстемеақыны, сыйақыны, салық пен зейнетақы аударымын ескере отырып, 2023 жылғы сәуір айы үшін нақты есептелген жалақы туралы деректер пайдаланылды.

Қызметкерлердің жалпы санынан орташа айлық жалақы – 70 000 теңгені қызметкерлердің 1,5% алды, 70 000-нан 150 000 теңгеге дейін – 22,8%, 150 000-нан 300 000 теңгеге дейін – 36,2%, 300 000-нан 600 000 теңгеге дейін – 30,8%, 600 000-нан 900 000 теңгеге дейін – 5,5%, 900 000-нан 1 200 000 теңгеге дейін – 1,7%, 1 200 000 теңгеден 1 500 000 теңгеге дейін – 0,6%, 1 500 000 теңгеден жоғары жалақыны қызметкерлердің 0,9% алды.

Сондай-ақ, бюро қызметкерлердің жалақының медианалық мәнін есептеді, 2023 жылы оның мөлшері 251 356 теңгені құрады. Айта кету керек, медиана – бұл барлық жалақы мөлшерін өсу ретімен орналастырғандағы тізімнің орталық мәні, нәтижесінде барлық жұмысшының жартысы одан көп, ал екінші жартысы одан аз алады деген сөз.

Бұдан басқа, 2023 жылғы қызметкерлер жалақысының модальді мәні 81 377 теңгені құрады. Бұл жұмысшылар арасында неғұрлым жиі кездесетін жалақы мөлшері.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу