1,5 мың борышкерге 13 млрд теңге көлемінде көмек көрсетілді

3553

Сонымен қатар бұл мақсатта Ұлттық Банк 44,6 млрд теңге бөлді.

1,5 мың борышкерге 13 млрд теңге көлемінде көмек көрсетілді Фото: inbusiness.kz

2021 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша халықтың әлеуметтік осал тобы (ХӘОТ) санатына жатқызылған және жалғыз баспанасы банктің балансында тұрған 1 494 борышкерге жалпы сомасы 13 млрд теңге көлемінде көмек көрсетілді, деп хабарлады inbusiness.kz порталы Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне сілтеме жасап. 

"2020 жылдың басынан бері Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын/ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасының үшінші кезеңін іске асыруда. Бағдарламаның үшінші бөлігінің барлық шығыстарын өтеу үшін Ұлттық Банк 44,6 млрд теңге бөлді. Ипотекалық қарыз алушыларға көмек 2021 жылғы 1 шілдеге дейін көрсетіледі", – деп жазылған хабарламада. 

Осылайша агенттік шамамен 8 мың азаматқа қолдау көрсетіледі деп жоспарлап отыр.

Егер қарыз алушыда жалғыз баспана болып, ол банктің балансына берілген болса, мұндай жағдайда қаржы институттары борышкерге жылдық 3% сыйақы мөлшерлемесін тағайындауы, не оған кейіннен сатып алатындай етіп жалға баспана беру құқығы бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу