1,5 мың тәртіп сақшысы CОVІD-19-ға қарсы вакцина салдырды

1225

Пандемия басталғалы бері 6,5 мың полицей індет жұқтырып, оның 25-і қайтыс болған. 

1,5 мың тәртіп сақшысы CОVІD-19-ға қарсы вакцина салдырды

Елімізде 1,5 мың полицей коронавирустық инфекцияға қарсы вакцина саладырған, деп хабарлады inbusiness.kz тілшісі. 

"Біздің 1,5 мың қызметкер вакцина салдырды. Вакцина қалалар мен облыстарға әкімдіктер арқылы уақытылы жеткізілді", – деді Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Сенаттағы полиция қызметіне қатысты Үкімет сағатында.

Ішкі істер министрлігінің дерегінше пандемия басталғалы бері елімізде 6,5 мың полицей індет жұқтырып, оның 25-і қайтыс болған. 

5 наурыздағы жағдай бойынша республика аумағында жалпы саны 28 мың 388 адам "Спутник V" препаратының бірінші компонентін салдырған. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу