ҚР Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышевтың қатысуымен еліміздің қаржы нарығындағы ахуалға қатысты баспасөз конференциясы өтті. Жиын барысында ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Алпысбай Ахметов Астанада 1792 мың борышкерге көмек көрсетілгендігін айтып өтті, деп хабарлайды ortcom.kz
"Айта кететін жағдай, осы ипотекалық кредиттер қайта қажыландыру нәтижесінде болды, қалай бітті бүкіл республика бойынша 140 млрд теңгеге қарыз қайта қаржыландырылды, 22 мыңнан астам ипотекалық борышкердің жалғыз баспанасы сақталып қалды. Егер де Астана туралы айтатын болсақ, 16 млрд теңгеге ипотекалық кредит қайта қаржыландырылды. 1 792 мың борышкерге көмек көрсетілді",– деді Алпысбай Ахметов.
2017 жылдың 11 сәуірде елбасы ипотекалық несиелерді қаржыландыру бағдарламасын кеңейту туралы тапсырма берген еді. Ұлттық банк бұл сұрақты үкіметпен бірлесіп, тапсырма аясында тиісті жұмыстар жүргізуде.
Ұлттық банк өкілі биылғы жылдың соңына дейін президент тапсырмасын орындау туралы ұсынысты "дайындап береміз" деген ой білдірді.