1,5 тонна героин әкетіп бара жатқан кемені ұстады

897

1,5 тонна героин әкетіп бара жатқан кемені ұстады

Үндістанның жағалау күзеті 1 жарым тонна героин әкетіп бара жатқан кемені ұстады, деп хабарлайды 24.kz.

Сақшылар оны елдің батысындағы Гуджарат штатының жағалауында кездестірген. Құзыретті орган қолға түскен есірткінің құнын 546 миллион долларға бағалап отыр және де оның осы уақытқа дейін тәркіленген ең ірі есірткі партиясы екенін айтады. Іске қатысты бірнеше адам қамауға алынып, тергеу басталды.

Айта кетейік, осы айдың ортасында Аргентина полициясы да 2 тоннаға жуық кокаинды қолға түсірген. Қылмыскерлер оны түрлі түсті қағазға орап, қойма еденіне жасырған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу