1,5 жыл үзілістен кейін қос вице-министр соты қайта басталды

760

Біреуі 1 млрд, екіншісі 740 млн теңге жымқырды деп айыпталған Энергетика министрінің бұрынғы орынбасарларына қатысты сот араға тура 1,5 жыл салып қайта жалғасты. Күдіктілер ендігі процестің оффлайн форматта өтуін талап етуде, деп хабарлайды Atameken Business.

1,5 жыл үзілістен кейін қос вице-министр соты қайта басталды

Алдын ала тыңдалымда сөз алған күдіктінің бірі – Бақытжан Жақсалиев бастапқы кезеңдегі позициясын өзгертпепті. Яғни, жала жабылды, әрі өзіне дейінгі басшылықтың жасаған былықтары үшін жауап беруге мәжбүрледі деп есептейді.

Екінші күдікті Ғани Сәдібеков та кінәсізбін деп отыр.

Айыпталып отырған экс-шенеуніктер 2018 жылы бірінен кейін бірі ұсталған еді. Дегенмен, 2019 жылы біраз жайттар нақты болмағандықтан іс тергеуге кері қайтарылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу