1,6 мыңға жуық адам Тепличное бөгетін нығайтып жатыр

146

Солтүстік Қазақстан облысында бөгетті нығайту жұмыстары 3 күннен бері тәулік бойы жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

1,6 мыңға жуық адам Тепличное бөгетін нығайтып жатыр Фото: ТЖМ

Өңір әкімі бәрі өз бақылауында екенін алға тартты.

– 3 күннен бері тәулік бойы жұмыс істеп жатырмыз. Тепличныйдағы қорғаныс бөгетін нығайту барысы жеке бақылауымда. Кеше 30 мың қадам жүріп өттім, бүгін де осынша қашықтықты еңсердім, – деп жазды өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов әлеуметтік желіде.

Бөгетте қажетті техника бар, шатырлар тігілген, тамақтандыру ұйымдастырылған. Жұмысқа 1,6 мыңға жуық адам тартылған – бұл кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметкерлері, мемлекеттік қызметшілер, әскерилер және құтқарушылар.

Аудандар да көмек көрсетіп келеді. Көршілес өңірлерден құтқарушылар да келді. 90 мың қап төселді. Су толтырылған бөгет орнатылды.

Бөгет астынан су ағуын болдырмау үшін сүңгуірлер де тартылуда. Облыс әкімі халықпен кездесіп, барлық қиындыққа қарамастан тәулік бойы еңбек етіп жүрген азаматтарға шынайы алғысын білдірді.

– Басты міндет елді мекеннің толық қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Барлық қауіп жойылғанға дейін жұмысты жалғастыра береміз, деді облыс әкімі.

Ал ТЖМ мәліметіне сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Тепличное ауылында су тасқынына қарсы іс-шаралар 4-ші күннен бері үзіліссіз, тәулік бойы жүргізіліп келеді.

Барлық күш бөгеттерді нығайтуға және ықтимал зардаптарды болдырмауға жұмылдырылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу