1,7 млн қазақстандық жүрек-қантамыр ауруларын анықтау скринингінен өтті

178

Тексеру барысында 114 мыңнан астам адамда аурудың алғашқы белгілері анықталды.  

1,7 млн қазақстандық жүрек-қантамыр ауруларын анықтау скринингінен өтті Фото: ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Telegram

2025 жылы Қазақстанда жүрек-қантамыр ауруларын ерте анықтауға бағытталған скрининг жұмыстары күшейтілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Артериялық гипертония мен жүректің ишемиялық ауруын анықтау мақсатында 1,7 млн азамат медициналық тексеруден өтті.

Зерттеу қорытындысы бойынша 114 мыңнан астам адамнан қанайналым жүйесі аурулары ерте кезеңде анықталды. Оның ішінде 99 мың пациентте артериялық гипертония, ал 15 мың азаматта жүректің ишемиялық ауруы тіркелді.

Биылдан бастап скрининг бағдарламасына заманауи жоғары сезімтал диагностикалық әдістер енгізілді. Бұл ауруларды анықтау тиімділігін арттырып, науқастарға емді ертерек бастауға мүмкіндік беріп отыр.

Қазіргі уақытта жүрек-қантамыр аурулары бар шамамен 1,9 млн пациент диспансерлік бақылауда. Тұрақты медициналық тексеру, қауіп факторларын бақылау және қажетті дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету аурудың асқыну қаупін төмендетуге бағытталған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, қанайналым жүйесі аурулары әлемдегі өлім-жітімнің басты себептерінің бірі болып қала береді. Жыл сайын бұл аурулар шамамен 19,8 млн адамның өмірін қияды, бұл әлемдегі барлық өлім жағдайларының шамамен 32%-ын құрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу