1,7 мың адам ерікті түрде суық қаруын тапсырған

1078

1,7 мың адам ерікті түрде суық қаруын тапсырған

Халықтан заңсыз сақталған атыс қаруды, оқ-дәрі және жарылғыш заттарды ерікті түрде өтемді сатып алу акциясының нәтижиесінде ішкі істер органдарына 1,7 мың азамат ерікті түрде 2,4 мың атыс қару, 35 мыңнан астам ойық қару патрондарын тапсырған, деп хабарлайды ortcom.kz

"Халықтан қару-жарақ заттарды ерікті түрде өтемді тапсыру іс-шараларын өткізу 2008 жылдан бастап өткізіп келеді, осы кезеңде жалпы сомасы 1,5 млрд теңгеге азаматтармен ерікті түрде 47 мың бірліктен астам атыс қаруы, 1 млн данадан астам ойық ұңғылы қаруға патрондар тапсырылды",- деп мәлімдеді ҚР ішкі істер министрлігі әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Мақсат Байболов .

Айта кетсек, заңсыз сақтаудағы қару-жарақ заттарды ерікті түрде өтемді тапсыру бойынша Түркістан, Қызылорда, Ақмола, Жамбыл, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Алматы, Солтүстік Қазақстан және Ақтөбе облыстарының халқы ең көп белсенділік танытқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу