1,7 мыңнан астам кәсіпкер бизнесті қорғау жөніндегі мобильді топтарға жүгінді

703

Кәсіпкерлердің шағымдарына жедел әрекет ету мақсатында прокуратурада Бизнесті қорғау жөніндегі мобильді топтар жұмыс жасайды.

1,7 мыңнан астам кәсіпкер бизнесті қорғау жөніндегі мобильді топтарға жүгінді

Ағымдағы жылдың 7 айында оларға 1,7 мыңнан астам кәсіпкер жүгініп, әрбір төртінші бұзушылық расталған, деп жазады inbusiness.kz Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сүйеніп.

Алматы облысында білім беру органдары тарапынан 251 жекеменшік балабақшаны (мемлекеттік тапсырысты орындау мәселелері бойынша) заңсыз тексеруге жол берілген жоқ. Қостанай облысында прокурорлардың араласуынан кейін ғана "NPO DSK" ЖШС-ның 15 қызметкеріне жалақы бойынша 3,4 млн теңге мөлшерінде 2 айлық берешек төленді. Басқа жағдайда, Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданының Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі басшысының әрекеті тексерілді, ол кәсіпкерлерге мемлекеттік сатып алу саласындағы 10 млн теңге сомасындағы кепілдік жарнаны қайтармаған.

Осы сигналды тексеру аясында прокурорлар лауазымды адамның тарапынан жалпы сомасы 40 млн теңгеден асатын басқа 39 кәсіпкерге қатысты осындай бұзушылықтарды анықтады.

Бұл фактілерді аудандық прокуратура ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағында (сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе ысырап ету) көзделген қылмыс белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркеген.

Арнайы прокурорлар жүргізген сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижелері бойынша а.ж. 19 мамырда аудандық соттың үкімімен кінәлі адам өмір бойы белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Бизнес субъектілеріне келтірілген залал толық көлемде өтелді.

Мобильдік топтар шешетін мәселелер ауқымы жеке жағдайлармен шектелмейді, көбінесе прокурорлар құқықтық актілерге өзгерістер енгізуді талап ететін жүйелі проблемалармен күреседі. Бұл жұмыс "Атамекен"ҰКП-мен өзара тығыз іс-қимылда жүргізілуде.

Ағымдағы жылы прокуратура органдарының көмегімен бизнестің 28 өңірлік проблемасы шешілді.

Мысалы, Павлодар және Маңғыстау облыстарында мемлекеттік органдар қатарынан жұмыс топтарының коммерциялық нысандарды аралауының заңсыз практикасы тоқтатылды, Шымкент қаласында шаруа қожалықтарын суармалы сумен қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылданды, Жамбыл облысында прокурорлар қабылдаған шаралардың арқасында бизнес субъектілерінен электр беру желілерінің тіректерін жалға алу үшін ақша алынбайды.

Прокурорлардың уәкілетті органдардың заңсыз тыйым салу және шектеу шараларын жою жөніндегі жаңа құзыреті кәсіпкерлердің құқықтарын қорғаудағы тиімді құралға айналды.

Мысалы, Қостанай облысының прокуратурасы салық саласында жүргізілген талдау қорытындысы бойынша 141 салық төлеушіге банктік шоттардың заңсыз бұғатталғанын анықтады.

Прокуратураның қаулысы бойынша тыйым салулар кері қайтарылды.

Жалпы а.ж. 7 айында кәсіпкерлік саласындағы бұзушылықтар бойынша, оның ішінде Мобильді топтардың жұмысы шеңберінде 893 қадағалау актісі енгізілді, 143 мыңнан астам бизнес субъектісінің құқықтары қорғалды, 534 млн теңгеден астам сомаға 5,9 мың әкімшілік жаза алып тасталды, 6,4 мыңнан астам заңсыз тексерулер мен бақылаудың өзге де нысандарының жолы кесілді және күші жойылды, 1139 тыйым салу-шектеу шаралары, мемлекеттік органдардың 702 актісі, 669-дан астам адам жауапкершілікке тартылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу