1 799 адам Нұр-Сұлтанды қардан тазартуда

822

Нұр-Сұлтанда қар қалың жауғандықтан, қаланың коммуналдық қызметі күшейтілген режимде жұмыс істеуде. 

1 799 адам Нұр-Сұлтанды қардан тазартуда

Бүгінгі күндізгі ауысымға 1142 техника бірлігі мен 1 799 жол жұмысшысы жұмылдырылды, деп хабарланды әкімдіктің ресми сайтында.

"21 желтоқсанның түнгі ауысымына 938 техника бірлігі мен 264 жол жұмысшысы жұмылдырылып, қар тиелген жүк көліктері қала сыртына 2 116 рейс жасады. Кеше түнде елордадан 25 394 текше метр қар шығарылды. Жалпы, осы уақытқа дейін полигонға 79 545 рейс жасалып, елордадан 954 540 текше метр қар шығарылды",– делінген хабарламада.

Мамандар өткен жылға қарағанда биылғы қыста қар қалың жауады деп ескертуде. "Қазгидромет" РМК-ның мәліметінше Нұр-Сұлтанда жауған қардың қалыңдығы – 60 см.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу