1,8 млн теңге алимент төлемеген азамат ұсталды

131

Алимент төлеуден ұзақ уақыт бойы жалтарған 44 жастағы азамат Алматыдан табылды.  

1,8 млн теңге алимент төлемеген азамат ұсталды Фото: advokat-simutin

Абай облысы полиция департаменті Аягөз ауданы полиция бөлімінің көші-қон қызметі қызметкерлері қаржылық міндеттемелерін орындаудан жалтарып жүрген борышкерлерді анықтау жұмыстарын белсенді түрде жалғастырады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері оның Алматы қаласында жүргенін анықтады. Енді қарызды өндіру бойынша одан әрі шараларды сот орындаушылары жүргізеді.

Айта кету керек, биыл Абай облысы көші-қон қызметінің бөлімшелері 44 борышкерді анықтады. Олардың арасында тек алимент төлемеушілер ғана емес, салық төлеуден жалтарғандар және материалдық шығынды өтеуден бас тартқандар да бар. Полицейлер осындай азаматтарды анықтау бойынша тұрақты түрде іздестіру іс-шараларын жүргізеді, өйткені олардың қарызы тек мемлекеттің мүддесіне ғана емес, сондай-ақ нақты адамдар мен отбасылардың тағдырына да әсер етеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу