ҰКП: Тәртіпсіздіктерден 1,9 мыңға жуық кәсіпкер зардап шеккен

1119

Алдын ала есепке сәйкес, келтірілген залалдың жалпы сомасы – 98,1 млрд теңге.  

ҰКП: Тәртіпсіздіктерден 1,9 мыңға жуық кәсіпкер зардап шеккен

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлерден тәртіпсіздіктер кезінде келтірілген залал туралы деректерді қабылдап жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz.

ҰҚП-ның 21 қаңтардағы мәліметіне сүйенсек, еліміздің 9 өңірінде 2 267 объектіде орналасқан 1 863 субъектінің зардап шеккені анықталған. Оның ішінде Алматыда 1 977 объектіде орналасқан 1 610 субъект бар. 

Зардап шеккен бизнес салалары: сауда – 1 664, қоғамдық тамақтану – 68, қаржы секторы – 88, логистика – 36, БАҚ – 7.

Байланыс орталығына барлығы 11 042 қоңырау түскен. Соның ішінде: мародерлық мәселелері бойынша – 2 317, форс-мажор – 558, блокбекеттер – 2, зардап шеккен кәсіпкерлерді қолдау қоры бойынша – 33, бизнесті қалпына келтіру және зардап шеккен мүлікті бағалау – 1 078, жеке тұлғалардан түскен қоңыраулар – 2 435. Өңірлік палаталарға форс-мажор туралы куәліктер бойынша 1 115 қоңырау және 441 өтініш түскен.

Алдын ала есепке сәйкес, залалдың жалпы сомасы 98,1 млрд теңге (оның ішінде Алматыда 94,8 млрд теңге) болды.

Еске салайық, зардап шеккен кәсіпкерлерге Алматы кәсіпкерлерінің бастамасымен құрылған "Күшіміз бірлікте" қорынан көмек көрсетіледі. Сондай-ақ көмек көрсетуге ниет білдірген азаматтар мына реквизиттерді пайдалана алады:

"БанкЦентрКредит" АҚ:

Алушы: "Күшіміз бірлікте" қоғамдық бірлестігі БСН 220140002583
Есепшоты: KZ268562203115072353
"БанкЦентрКредит" АҚ реквизиттері: БСК/БИК (SWIFT) KCJBKZKX БСН/БИН 980741000260 010000, Қазақстан, Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданы Қабанбай батыр даңғылы, 15 А.

"Банк Фридом Финанс Қазақстан" АҚ:

Алушы: "Күшіміз бірлікте" қоғамдық бірлестігі БСН 220140002583
Есепшоты: KZ52551Z128000206KZT
"Банк Фридом Финанс Қазақстан" АҚ реквизиттері: БИК KSNVKZKA

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу