1 922 ауыл ауыз сусыз отыр

937

Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов мәселені қалай шешуді жоспарлап отырғандарын жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

1 922 ауыл ауыз сусыз отыр

"Елімізде барлығы 6 316 ауыл бар. 3 991 ауыл орталықтандырылған сумен жабдықталған, 403 ауылға кешенді блок-модуль орнатылған. 1 922 ауыл сумен жабдықталмаған. Мәселені шешу үшін 793 ауылда орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесін салу жоспарланды. 200-ден аз адам тұратын шағын ауылдарда кешенді блок-модуль орнатылады", – деді министр. 

Бейбіт Атамқұловтың айтуынша, биыл 148 ауыл орталықтандырылған сумен жабдықталады. Ал халқы аз 220 ауылға кешенді блок-модуль орнатылады. 

"Бүгінгі таңда орталық сумен жабдықтау жоспарланған 85 ауылда гидрогеологиялық жұмыс жүргізу қажет. Кешенді блок-модуль орнату жоспарланған халқы аз 170 ауылда іздестіру-барлау жұмысы атқарылуға тиіс. Мемлекет басшысының тапсырмасын дер кезінде орындау мақсатында қалған 453 ауыл бойынша 2023 жылға дейін жобалау-смета құжаттамасын әзірлеуді аяқтау қажет", – деді министр.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу