2 мыңға жуық мектептің спорт залы жоқ

1360

Мектептердің 37%-ы спорт жабдықтарының тапшылығын сезініп отыр. 

2 мыңға жуық мектептің спорт залы жоқ

Мәжілістегі үкімет сағатында мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова осылай деді. 

Министрдің мәлімдеуінше, өңірлер ұсынған статистикалық мәліметке сәйкес,1 млн 365 мың мектеп оқушысы спортпен айналысады. 

"Білім және ғылым министрлігінің дерегі бойынша былтыр 5 428 мектеп спорт залмен қамтамасыз етілді. Іс жүзінде мектептердің 37%-ы оқу бағдарлармалары аясында қажетті спорттық жабдықтардың тапшылығын сезініп отыр", – деді Ақтоты Райымқұлова.

Оның сөзінше, 1 970 мектепте спорт зал жоқ. 

"Ауылдағы спорт сауықтыру кешендерінің желісі тұрғындардың 30%-ы ғана  қанағаттандырады. Бұл мәселені шешу керек", – деді министр. 

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу