1 айда Ұлттық қордағы валюталық активтер 1,1 млрд долларға азайған

716

Бүгінде қорда 57,5 млрд доллар бар.

1 айда Ұлттық қордағы валюталық активтер 1,1 млрд долларға азайған

Ұлттық қордың валюталық активтері бір айда 1,1 млрд долларға азайды. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Шұғыл деректер бойынша Ұлттық қордың валюталық активтері бір айда 1,1 млрд долларға төмендеп, маусымда 57,5 млрд доллар болды. Өткен айда Ұлттық қордың валюталық активтерінің төмендеуі республикалық бюджетке кепілдік берілген және нысаналы трансферттер бөлуге байланысты", - деді Әлия Молдабекова.

Осыған дейін ол трансферттер бойынша өтінімдерді орындау үшін 1,093 млрд долларға валюталық активтер сатылғанын еске салды.

"Маусымда қорға түскен түсімдер көлемі шетел валютасындағы 189 млн долларды қоса алғанда 97 млрд теңге болды. 
Активтерді басқару тиімділігін арттыру жөніндегі ұзақ мерзімді стратегия шеңберінде Ұлттық банк активтердің неғұрлым кірісті сыныптарының, оның ішінде акциялардың, корпоративтік облигациялардың және дамушы нарықтардағы еурооблигациялардың үлесін өсіріп жатыр", - деді Ұлттық банк төрағасының орынбасары.

Оның айтуынша, 2021 жылғы бірінші жартыжылдықта Ұлттық қордың инвестициялық кірісі оң қалыптасқан: акциялардың жаһандық нарығының өсуі есебінен 1,5 млрд доллар немесе 2,5% болды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу